31 мамыр -саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аясында аудандық кітапхана қызметкерлері орталық саябақта саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының тарихынан сыр шертетін бүктемелер таратты. Осынау сұрапыл жылдары қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға "ұлтшыл" деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді. Егіндікөл жұртшылығы еліміздің болашағы үшін жанын қиған аталарымыздың аруағына құран оқылып, еске алды.
31 мая-День памяти жертв политических репрессий и голода
Сегодня в рамках Дня памяти жертв политических репрессий и голода сотрудники районной библиотеки раздали в Центральном парке буклети,
...
Читать дальше »